Беларусьтен келген IT мамандарының Қазақстанда бейімделуі

Олег Липунов, Беларусь, «Плавно» ЖШС (Astana Hub қатысушы-компанияның) бас директоры, @elmestreby

Мен Минсктен Қазақстанға 2022 жылдың наурыз айының басында көшіп келдім. Мен және менің командам көптен бері шетелде тұрып, жұмыс істеуді жоспарлап едік, бірақ барлығымызға ұнайтын елді таңдай алмай жүрдік. Мен әрқашан жаңа жерлерді көріп, басқа мәдениетпен танысқым келді, сондықтан қазір Қазақстанда болғаныма өте қуаныштымын.

Алғашқы әсер

Өте суық. Мұндай қысты көптен көрмеппін, әсіресе наурыздың аяғында.

Қазақстанның астанасы мен күткеннен асып түсті: қызықты және заманауи сәулет, кең даңғылдар, мемлекеттік органдардағы автоматтандыру және цифрландыру деңгейі мені таң қалдырды.

Жапондық автомобиль өнеркәсібінің жанкүйерлері бұл жерді ұнатып қалады — елордада Toyota Camry автокөліктері көп.

Нұр-Сұлтан қаласында ғимараттар арасындағы қашықтық үлен, жаяу жүргіншілерге тіпті ғимараттар арасында да жүру қиынға соғады, кейде тазартылмаған тар тротуарлар да осындай келеңсіздіктерді тудырады. Бірақ толыққанды көктемнің басталуымен ауа-райын да, қаланы аралауды да тамашалай аламыз деп ойлаймын.

Қиындықтар туралы

Біздің командамыздың әрбір мүшесіне ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) алу қажет болғанда, біз келесі мәселеге тап болдық: қазақстандық төлқұжаттарда азамат туралы барлық қажетті ақпарат 2 бетте жарияланады, ал Беларусь азаматтарының төлқұжаттарының ерекшелігі — барлық қажетті мәлімет 3 бетте. Сондықтан жеке нөмірді алу біршама қиын болды, аз ғана операторлар төлқұжаттық бақылау кезінде құжатты дұрыс сканерлей алды. Ал жүйедегі қателік себебінен (құжаттар бойынша барлығымыз Қазақстанда әйел болып тіркелдік) әріптестерімізбен бірге ХҚО-да 3 рет кезекке тұрдық. Міне, осындай жағдай.

Релокация жасауда неліктен Қазақстанды таңдадыңыз?

Меніңше, қазір Қазақстандағы жағдай Грузияға немесе, мысалы, Литваға қарағанда жақсырақ. Мында келіп, кәсіп ашуға ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Батыс Еуропа немесе Солтүстік Америка елдеріне қоныс аударған таныстарым өмір сүру деңгейінің өзгеруіне ұзақ уақыт бойы үйренді. Беларусьте тапқан ақшаңыз балаларға арналған жеке балабақшаға, жылына 2 рет шет елге демалысқа, брендтік киімдерге және т.б. жетеді. Ал өмір сүру құны әлдеқайда жоғары Еуропада бұл ақша қарапайым өмір сүруге жеткілікті. Көшуге ел таңдағанда, команда қаржылық немесе мәдени күйзеліске ұшырамас үшін, өмір сүру деңгейін жоғалтпай, «жұмсақ» көшуі талаптары қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанға көшкесін, бізге жаңа тілді үйренудің қажеті жоқ. Мысалы, ағылшын тілі ең танымал тіл болып табылады, бірақ іс жүзінде бұл әрдайым бола бермейді: кейбір еуропалық немесе азиялық елдерде жергілікті тұрғындардан бірдеңе сұрау үшін «Бұл жерде кім ағылшын тілінде сөйлейді?» деген баннермен серуендеуге тура келеді.

1. Қазақстан — үлкен және бай мемлекет, мұнда бизнесті дамытуға жағдай жасалынды, оған қоса, бұл елде мейірімді қонақжай халық тұрады.

2. Астанада бағалар қолжетімді, ал қызметтердің көрсету деңгейі жоғары, сонымен қатар, балаларға арналған ойын-сауықтары бар сауда орталықтары көп.

3. Тұрғын үй мен кеңсені жалға алу, азық-түлік пен киім-кешек бағасы біздікімізбен бірдей, бұл бізге осында жұмыс жасап, болашақ өмірімізге жоспар құруға мүмкіндік береді.

4. Көші-қон заңнамасы өте лояльді. Көшуге қажет уақыты мен қажетті құжаттар пакеті бойынша Қазақстан тамаша нұсқа болып табылады, мұнда компания ашуға және клиенттік базаны кеңейтуге іс жүзінде ешқандай кедергілер жоқ.

5. egov.kz электронды үкімет порталы тамаша жұмыс істейді. Тез компания мен есепшот аштым, 2 күнде өзіме және командама пәтер таптым.

6. Бұл жерде біз өзімізді жергілікті болмаса да, бөтен де емеспіз. Біз бір тілде сөйлейміз, мұндағы адамдар өте мейірімді: олардың көмегі зор. Шынымды айтсам, мұндай дұрыс орысша сөйлеуді көптен бері естімегендіктен, еліміздегі білім деңгейінің айтарлықтай жоғары екені сезіледі. Мен ешқашан жағымсыз нәрсеге тап болған емеспін. Менің ойымша, қазіргі Қазақстанның экономикалық және саяси көзқарастары жоғары білікті еңбек ресурстарын тарту үшін еуропалық құндылықтарға жақындай түсуде.

Стереотиптер туралы

Меніңше, егер адам басқа елге өмір сүруге келсе, ол осы адамдарды түсіну үшін және олардың арасында бөтен болмас үшін, олармен мәдени және рухани жақын болу үшін осы елдің мәдениеті мен тілін үйренуі керек. Мен бұл процесті Қазақстанның Ұлттық музейіне барудан бастадым. Мысалы, мен түркі мәдениетінің ежелгі және соншалықты дамығанын білмедім: сәндік-қолданбалы өнер туындылары таңғаларлық, сіздің жеріңізде металды шебер өңдеп, қайталанбас ғимараттар салған өте озық өркениет өмір сүрді, ежелгі түріктердің өз тілі, мәдениеті және діні болған екен. Бұл мені таң қалдырды, өйткені мектепте де, университетте де біз посткеңестік елдердің, атап айтқанда Қазақстанның тарихын оқымайтынбыз, ондай ақпарат біздің бағдарламамызда болған емес.

Неліктен компанияны «Плавно (Байсалды)» деп атадыңыз?

Беларусьте Плавно атты көл бар, біз достарымызбен бірге Березин биосфералық резерватының аумағында орналасқан санаторийлерде демалуды жақсы көреміз. Ол жер өте әдемі!

Ұқсастықтар туралы

Қазақтар мен белорустарды қонақжайлылық, төзімділік және асықпаушылық біріктіреді. Үлкен астаналық аудандарда жиі болатындай қажетсіз әбігер мен тым жоғары қарқынның болмағаны өте жақсы. Біз мұнда өзімзді ыңғайлы сезінеміз.

Жоспарлар туралы

Әзірге Қазақстанға команданың бір бөлігі – 20 әзірлеуші ғана көшті. Мұнда келгенімізге бір ай болып қалды. Болашақта Қазақстан ішінде көшуді жоспарлап отырмыз: команданың бір бөлігі елордада қалады, екіншісі, суық климаттан әсіресе зардап шеккен мүшелер Алматыға көшеді. Біздің компания әлі де Беларусьте жұмыс істейді, біз Қазақстанға көшуді өңірлік даму аясында қарастырамыз. Болашақта Plavno қазақстандық бэк-энд, фронт-энд әзірлеушілерді, жоба менеджерлерін және дизайнерлерді жалдауды жоспарлап отыр. Қазақстанда шынымен де білімді, заманауи ойлы адамдар өте көп.

Алтынгүл Жанабай