Ең басты құндылықтардың бірі- бұл отбасы құндылықтары. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасыдан басталады. Жастарға отбасы құндылықтарын кішкентай кезінен дәріптеу қажет. Бала кезінде олар ақпаратты тез қабылдайды. Тәрбие тал бесіктен басталады дегендей балаға жастайынан ертең өскенде кім болатынын, қандай азамат болып өсетінін түсіндіру маңызды. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы » Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен Сайрам ауданында 12 қыркүйек — «Отбасы күніне» орай, қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Берекелі шаңырақ» атты кездесу өтті.
Іс шараның жалпы мақсаты-отбасы құндылықтарын ажырата алу және сақтауға тәрбиелеу; Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ отбасындағы қаржылық сауаттылықты арттыру. Кездесуге Бағлан қоғамдық қорының төрағасы Құрбанов Әбілқайыр Жүсіпбекұлы, Педагогика ғылымдарының магистр, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы, » Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімі психологі Өміртаева Жансая Ержанқызы және Сайрам ауданынын жас отбасылар қатысты.
Кездесуге қатысқан жас отбасылар, ата-ана мен бала және әйелі мен күйеуінің қарым-қатынас қалай жақсартуға сонымен қатар қазір таңдағы отбасылық бюджетті басқару туралы спикерлердің кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойып, арнайы мамандар қойылған сауалдарға жауап берді.