02.09.2022ж. Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдарына кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың тәртібін реттейтін Нұсқау жолдаған.
Нұсқауда қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын біркелкі және нақты қолдануын қамтамасыз ету мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұлжытпай сақтау туралы айқындалған.
Атап айтқанда:
- Азаматтық-құқықтық даулар болған жағдайда;
-аудит, ревизия және тексеріс актілеріне қолданыстағы заңнамада көзделген шағымдану мерзімдері бар кезінде; - кәсіпкердің қаражатты үнемдеу нәтижесінде пайда табу фактілері орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер етпесе;
- құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының уәкілетті бөлімшелері мамандарының қорытындыларына, тексеріс актілеріне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы жеткілікті мәліметтер болмаған жағдайда;
- арнайы мемлекеттік немесе құқық қорғау органының уәкілетті бөлімшелерінің мамандарының қорытындыларымен негізделген кәсіпкерлік субъектісімен заңсыз алынған кіріс немесе шығын туралы формальды (расталмаған) белгілері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына жол берілмейді.
Сонымен бірге, мамандар қорытындыларының нақтылығын, объективтілігін және жеткіліктігін есепке ала отырып, мәліметтердің негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы айқындалатын құжаттарға негізделген нақты фактілерді қамтуы тиіс.
Бизнесті қорғау — прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі болғаныдықтан, құқық қорғау мен мемлекеттік органдары кәсіпкерлік субъектісіне негізсіз араласқан жағдайда Шымкент қаласы прокуратурасының 54-82-34, 8-778-111-25-42 сенім телефонына хабарласу қажет.
Шымкент қаласының прокуратурасы