Браконьерлік – жан-жануарларды қорғау туралы заңдар мен ережелерді қасақана бұзып, аң-құс, балық аулау немесе қырып-жою, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз, тыйым салынған жерлерде, заңсыз аңшылық құру, сирек кездесетін және бағалы өсімдіктерді жинау. Браконьерлер сирек кездесетін һәм тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды аулауға құмар келеді. Браконьерлердің заңсыз әрекетінен табиғатымыздағы көптеген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер зиян шегіп жатыр.
Шымкент қаласы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Мәселен, 2022 жылдың 13-қарашасында «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген тұлға анықталып, әкімшілік шара көрілді.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-қарашаға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың 20-қазан мен 19-қараша аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Атап айтсақ, Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері іс-шара жүргізу барысында 124 түп ағашын заңсыз кескен жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.