Білім беру саласындағы комплаенс-офицерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарлары ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында білім беру саласындағы комплаенс-офицерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарынан өтті.

Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмысы мен осы саладағы жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін талқылау.

Комплаенс-қызметтер құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және құқықтық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмайды.

Жиында қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды.

Сонымен қатар, ЖОО мен колледждерде комплаенс-қызметтерінің маңыздылығы аталып, аталған саладағы әр маманның біліктілігін күшейтіп отыру жолдары талқыланды.

Одан бөлек, алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қажеттілігі жеткізілді.

Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке компаниялар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда.

Оның ішінде 3 дербес комплаенс-қызметі құрылып, 203 мекемеде комплаенс функциялары заңгер, басшының орынбасарлары және қосалқы бөлім қызметкерлеріне жүктелген.

Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға айтарлықтай әсер ететініне сенімді.

Ntime.kz