Бір күнде 13 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында республика аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараға 10 мыңға жуық полицей, оның ішінде патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары және басқа да қызметтер жұмылдырылды. Республикалық маңызы бар, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісінде барлығы 3 мыңға жуық автопатруль жұмылдырылды.

Бір күн ішінде жол қозғалысын қадағалау кезінде 13 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 98, басқару құқығынсыз – 35, басқару құқығынан айырылғаны үшін – 7, жылдамдықты асырғаны үшін – 3626, қарсы жолаққа шығу – 16, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін – 651, авариялық жағдай жасағаны үшін – 107, жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермегені үшін – 263, бағдаршамның тыйым салу сигналына жол жүру – 171.

Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережесін бұзу – 1280, телефонды пайдалану ережесін бұзу – 702, көлік құралын мемлекеттік техникалық байқаусыз басқару – 516, жалған мемлекеттік нөмірмен жүру – 112, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу – 1851, еңбек және демалыс режимінің ережелерін бұзу – 4, заңсыз қайта жабдықтау – 124, рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпегендер – 8.

Мысалы, Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Land crouser автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды.  Айта кетейік, жедел іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады.

ҚР ІІМ