Қай мемлекетте болмасын, әлемдегі және ел ішіндегі ахуалға байланысты саяси реформалар орын алып отырады. Соның ең маңыздысы – Президент сайлауы. Себебі, ел тұрғындары бұл саяси оқиғада мемлекет басшысын сайлап қана қоймай, өз отанының болашағы үшін таңдау жасайды.
20 қараша — еліміздің даму жолын, болашағын айқындайтын күн ретінде тарихта қалатыны сөзсіз. Бұл сайлау қоғам тарапынан оң қабылданып, дауыс беру күні азаматтарымыз белсене қатысты. Сайлауға белсене қатысқанымыз – бірлігіміздің белгісі болды.
Сайлау қорытындысына сәйкес Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысына мән беретін болсақ, халықтың басым бөлігі Қ.Тоқаевқа қолдаған. Яғни 81,31 пайыз дауыс жинады. Бұл — қазақстандықтардың шынайы таңдауы деп ойлаймын. Қ.Тоқаев — мемлекетшіл тұлға, тарих пен жаңа заманды тиімді ұштастыра білетін, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асатын білікті басшы. Сондықтан сайлау қорытындысына деген көзқарасым оң.
Осы орайда жаңа реформаларға сәйкес, суперпрезиденттік жүйеден түбегейлі жойылып, Президент өкілеттілігін 7 жылға дейін ұзартылуы еліміздегі демократияның қуат алуына да септігін тигізетініне сенемін. Жаңадан сайланған басшы өзі бастаған істерді соңына дейін жеткізуге, яғни елдің даму стратегиясын толық орындауға мүмкіндік алды.
Ендігі кезекте қоғам болып келешегіміз үшін талмай еңбек етуіміз керек. Тек қана Мемлекет басшысына ғана сенім артып қоймай, әр қазақстандық өзі отаншылдық қасиетпен қызмет етсе, мақсат пен міндетке жетеміз. Әділ Қазақстанды бірге құрайық!
Әли МАРАТ,
Түркістан музыкалық драма театрының актері