15 қыркүйекте Әділет департаментінде құқық иеленушілердің өкілдерімен бірге «Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарда Қазақстан Республикасының ӘҚБтК -нің 158 -бабы «Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану» бойынша әкімшілік істерді қозғаудың және жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды. Семинарға Түркістан облысының кеден бекеттерінің 35 қызметкері, «Болотов и Партнеры» ЖШС-нің өкілдері, сонымен қатар Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысының Әділет департаменті