Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша әкімшілік істерді қозғау және оны жүргізудің өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

15 қыркүйекте Әділет департаментінде құқық иеленушілердің өкілдерімен бірге «Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарда Қазақстан Республикасының ӘҚБтК -нің 158 -бабы «Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану» бойынша әкімшілік істерді қозғаудың және жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды. Семинарға Түркістан облысының кеден бекеттерінің 35 қызметкері, «Болотов и Партнеры» ЖШС-нің өкілдері, сонымен қатар Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысының Әділет департаменті