Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

Ведомствоаралық

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі міндеттерінің бірі Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау болып табылады.
Осы ретте, Мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығы, қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Сервистік және Клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру бағыты бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде, әскери қызметті өткеру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге 13 бағытта жүргізілген талдау нәтижелерін қызметті берушілермен талқылау болды.
Сонымен қатар, Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында тәжірибеде орын алып жатқан кемшіліктер және қызмет алушыларға жағдай жасау туралы тақырыптар талқыланды.
Жиын қорытындысымен, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізілді.