«Түркістан қаласында халықаралық әуежай салу, пайдалану және басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестігі келісім шартына сәйкес, постинвестициялық кезең 2024 жылдың 1 наурызында аяқталады. Әуежайды әрмен қарай басқару мақсатында Түркістан облысы әкімдігі тарапынан ең тиімді ұсыныстар қарастырылуда.
Осыған орай, бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Вьетнам елінің ірі инвесторларының бірі «Sovico Group» компаниясының басшысы Фам Нгок Сау мен орынбасары Ле Мин Туанмен кездесті. Кездесу барысында әуежайды заман талабына сай жан-жақты жаңартуға бағытталған ұсыныстар айтылып, өңірдің туризм саласын дамытуға байланысты талап-тілектер талқыланды.
Айта кетейік, қаладағы туристік әлеуетті арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен пікірлер зерделенетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі