1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары” ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді.
Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер «GAS» деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді.
Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі