Спорт – достықтың жаршысы

достықтың жаршысы

Бүгін Қарасу ауылындағы «Рауан» спорт кешенінде ардагер спортшы, қазіргі таңда Қарасу ауылдық округі Қоғамдастық төрағасы Қуатбеков Бактыбек Садықұлының 60 жасқа толған мерей тойына арналған кіші футболдан турнир бастау алды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып жатқан жарысқа 10-ға жуық команда жоғары дайындықпен келген. Тартысты ойын өрнегін көрсетіп жатқан командалар арасында бағы мен бағы қатар шапқан, тас-түйін дайын болып келген команданың топ жарары сөзсіз.
Турнир соңында жеңімпаздар мен қоса, барша қатысқан командаларға кубок, медаль және сыйлықтар таббыс етілетін болады. Одан бөлек, жеке көрсеткіштер бойынша керемет ойын көрсеткен азаматтар да елеусіз қалмайды.