Дәлелдеу міндет па, әлде құқық па?

Жаңа кодекстің қабылдануымен істің қаралуы да, дәлелдемені жинауы да, оған баға беруі де Азаматтық процестік кодекске (бұдан әрі- АПК) қарағанда өзгеше.

Іс қарау барсында бұл жайтқа аса мән беру керек.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодекстің (бұдан әрі- Кодекс) 19–тарауында ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ деген бөлім бар.

Кодекстің 128-бабында дәлелдемелерді және дәлелдеу процесін құқықтық реттеу тәртібі мен ерекшеліктері көзделген.

Дәлелдемелерді, дәлелдемелер ретінде алынбайтын нақты деректерді, дәлелдеу нысанасы мен дәлелдемелердің дереккөздерін құқықтық реттеу, сондай-ақ дәлелдемелерді (дәлелдеуді) жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану тәртібі және дәлелдемелер мен дәлелдеу туралы басқа да ережелер осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің нормаларында айқындалады делінген.

Жалпы Кодекстің қабылданғанына 1 жылдай уақыт болсада әкімшілік істерді қарауда дәлелдеме жинауда немесе жауапкерге дәлелдемені ұсыну міндеттелгенде, жауапкерлердің АПК-нің 72- бабына сай талап қоюшы неге өз талабын дәлелдемейді немесе пікірді ұсындық, онда талаппен келіспейтініміз туралы көрсетілген деп, пікірде көрсетілген уәждеріне дәлелдемелер ұсынбайтын кездер көп кездеседі.

Өз кезегінде АПК-нің нормалары, егер Кодексте көрсетілген нормаларға қайшы болмаса ғана қолданады. Сондықтан іске қатысушылардың АПК-нің 72- бабына сілтеме жасағаны дұрыс емес.

Нақты тоқталатын болсақ ӘРПК-нің 129-бабында жауапкер мен талап қоюшы қандай жағдайда дәлелдеуге міндетті екені ашып көрсетілген.

Талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті. Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.

​ Яғни, мұнда да АПК-да көрсетілгендей талап қоюшы дәлелдеме жинаудан босатылмаған, дегенімен талап қоюшы өзінің мүмкіндіктеріне қарай іс бойынша дәлелдеме жинауға қатысады. Сонымен қатар, талап қоюшы өзінің құқығының бұзылғаны туралы білген уақытты және келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті. Бұл жағдайда іс қарауда

​ Осы баптың 2-бөлігіне сай:

1) дау айту жөніндегі талап қою бойынша — ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер;

2) мәжбүрлеу туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануы негізделетін фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді.

Егер жауапкер нақты жағдайда талап қоюшы қалаған әкімшілік актіні шығаруды болғызбайтын іс жүзіндегі шарттардың болуына сілтеме жасаса, мұндай шарттарды дәлелдеу жөніндегі міндет осы жауапкерге жүктеледі;

3) әрекет жасау туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әрекет жасаудан (әрекетсіздік танытудан) бас тарту үшін негіз болып табылған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы;

4) тану туралы талап қою бойынша қандай да бір құқықтық қатынастың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы және бұдан былай заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ қандай да бір жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа сыйымдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер көтереді.

Сонымен қатар, сотта жауапкер әкімшілік актіде аталған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады.

Егер барлық дәлелдемелерді зерттегеннен кейін әкімшілік істің нәтижесіне негізделген қандай да бір факт дәлелденбей қалса, онда әкімшілік істі қарау және шешу нәтижелерінің теріс салдарларын осы фактіні дәлелдеудің ауыртпалығын көтеретін тарап көтереді.

Дәлелдеу ерекшеліктері

Сот процестің барлық сатыларында формальды қателерді жоюға, түсініксіз сөздерді нақтылауға, әкімшілік істің мәні бойынша өтінішхаттарды беруге, толық емес нақты деректерді толықтыруға, әкімшілік істің мән-жайларын толық айқындау мен объективті бағалау үшін маңызы бар барлық жазбаша түсініктемелерді беруге жәрдем көрсетуге міндетті.

Егер әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болып табылса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды. Демек, бұл жерде соттың белсенді рөлі қағидаты бойынша жұмыс жасайды.

Әкімшілік процеске қатысушылар сотқа әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеуге және дәлелдемелерді жинауға жәрдем көрсетуге міндетті.

Сот тараптардың түпкілікті шешім шығару кезінде рұқсат етілетін дәлелдемелердің жарамдылығы туралы арызымен байланысты емес.

Әкімшілік процеске қатысушылар сот талап еткен құжаттарды, сондай-ақ қажетті мәліметтерді беруге міндетті. Сот бұл құжаттарды белгілі бір мерзімге талап ете алады.

​Егер соттың талабы бойныша сұратылған құжаттрады , сондай-ақ мәліметтерді бермесе онда сол әкімшілік процеске қатысушыға қатысты ӘРПК-нің 127-бабында көзделген ақшалай өндіру шарасы қолдануы мүмкін.

Әкімшілік процеске қатысушылар осы құжаттарға өздері сілтеме жасайтын электрондық құжаттарды, құжаттарды не олардан үзінді-көшірмелерді қоса беруге міндетті. Дегенімен тәжірбиеде жоғарыда айтып көрсеткендей жауапкер тараптары тек пікірді ғана жолдап, тиісті дәлелдейтін құжатты жолдамай жататын кездер аз емес.

Әкімшілік іске қатысатын адамдар қандай да бір дәлелдемені жоюға немесе жасыруға не дәлелдемелерді алуға мүмкіндік тудырмай немесе оны қиындата отырып, оны зерттеу мен бағалауға өзге тәсілмен кедергі келтіруге құқылы емес. Мұндай жағдайда сот дәлелдеу ауыртпалығын осы Кодекстің 129-бабының екінші бөлігінде белгіленген қағидаларға қарамастан, кедергі келтіруші тарапқа жүктеуі мүмкін.

Сот практикасында дәлелдемелерді жасыруға немесе зерттеу мен бағалауға өзге тәсілмен кедергі келтіріп жататындар да кездеседі.

Мысалыға: мүдделі тұлға оған жер беру туралы әкімнің қаулысы сотта даулану кезінде екінші мүдделі тұлға мемлекеттік органмен даулы әкімшілік қаулы негізінде жерді жалға беру шартын түзіп, оны мемлекеттік тіркеуден өткізген. Яғни бұл жерде іс бойынша қатысушы мемлекеттік орган, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуін жасайтын орган және мүдделі тұлға, сотты шаттастыру үшін, дәлелдемелерге дұрыс баға беруге кедергі келтірген. Яғни іске қатысушалар дәледемелерді алуға, оны зерттеуге ӘРПК-нің 96-бабының 3-бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, әкімшілік актінің, әкімшілік әрекеттің орындалуын тоқтата тұрады деген процессуалдық норманы бұзған. Бұл жағдайда Кодекстің 129-бабының 2-бөлігінде көрсетілген жауапкершілік мүдделі тұлға және шарт жасасқан мемлекеттік органға және тіркеу органына кедергі келтіруші тарап ретінде дәлелдеу жүктелуі мүмкін.

Сондай-ақ, сот өзі белгілеген мерзімде дәлелдемелерді ұсынудың мүмкін еместігі туралы хабардар етілмеген, сондай-ақ сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша сот талап еткен дәлелдемені ұсыну міндеті орындалмаған жағдайда, сот осы Кодекстің 127-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Көп жағдайда сот белгіліеген мерзімдерде дәлелдемелерді ұсынбайтыныда аз емес, сол себепті осы жылдың басынан бері Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен барлығы 21 ұйғарыммен 33 тұлғаға қатысты ақшалай өндіру шарасы қолданылған.

Сонымен қатар, Кодексте егер осы құжаттар немесе актілер мазмұнының ашылуы заңмен қорғалатын мүдделерге нұқсан келтірілуі мүмкін болса не олар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын болса, сот осы құжаттарды немесе актілерді, сондай-ақ мәліметтерді жабық сот отырысында зерттеу туралы ұйғарым шығаратыны туралы да көзделген.

Кодекстің 143- бабының 2- бөлігіне сай алдын ала тыңдауда нақты деректерді зерттеместен толық ашылуы ғана қамтамасыз етілетілуі тиіс.

Себебі Кодекстің 110-бабының 1-бөлігінде әкімшілік істер бойынша дәлелдемелер сот талқылауында тікелей зерттелуге жатады. Сот тараптардың және әкімшілік процеске басқа да қатысушылардың түсініктемелерін, куәлар мен сарапшылардың айғақтарын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарап-тексеруге, жазбаша дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен танысуға, дыбысжазбаларын тыңдауға және бейнежазбаларды, кино-, фотоматериалдарды қөруге, өзге де ақпарат жеткізгіштердегі материалдармен танысуға, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеу бойынша басқа да әрекеттерді жасауға тиіс екені көрсетілген.

Сол себепті іс бойынша куәлердің жауабы тек сотта ғана тексеріледі, себебі бұл да дәлелдеме болып табылады, ал дәлелдеме сот отырысында ғана зерттелуге тиіс.

Бұл кодексте көрсетліген осындай дәлелдеу ерекшеліктеріне сай талап қоюшылардың, мемлекеттік органдармен сотта таразы басына түскен кезде, олардың теңесуіне , басым түсуіне көп мүмкіндік береді.

Әлі де бұл Кодекстің қыр сырын іске қатысушылардың түсінбей жатқан тұстары бар, дегенімен, болшақта мұндай кемшіліктердің жойылатына сенімдімін. Сәйкесінше аталған Кодекстің біздің қоғамда дер кезінде қабылданғанына әліде алда дұрыс баға беріледі деп ойлаймын.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ​ Ж.Дербисалиева