Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан (екпінді жел 25-28 м / с дейін күшейіп, жаңбырдың арты қарға айналды) Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған. Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникалары дайын.
Сильный ветер порывами до 25-28 м/с
В результате резкого ухудшения погодных условий накануне днем (сильный ветер порывами до 25-28 м/с, обильные осадки в виде дождя переходящего в снег) произошли обрывы воздушных линий электропередач в некоторых населённых пунктах 5 районов области (Байдибекский, Отырарский, Ордабасинский, городах Кентау и Арыс) передает пресс-служба акима Туркестанской области. Всю ночь и в настоящее время аварийные бригады «Онтустук жарык» устраняют возникшие обрывы. (более 20-ти бригад, свыше 100 человек, более 30-ти единиц техники).Ситуация находится на контроле у Акима области Умирзака Шукеева. Сформирован штаб с привлечением всех заинтересованных органов. Акимы вышеуказанных районов и техника всех аварийных служб находится в постоянной готовности.