Елордалық прокуратура инвестордың құқығын қорғады

Прокуратура органдары кәсіпкерлердің, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

Астана қаласының прокуратурасы жергілікті тұрғындар үшін 150 жұмыс орнын құра отырып, құны 2,5 млрд. теңге болатын инвестициялық жобаны ұсынатын «Бозайғыр» ЖШС құқықтарын қорғады.

Уәкілетті орган екі айдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаның келісімін алу үшін қажетті құжатты бермегені анықталды.

Кәсіпкерлік субъектісі қалалық прокуратураға жүгінгеннен кейін ғана инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.

Астана қаласының прокуратурасы