Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеріспен ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес педагогтар мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн.теңгеден астам сомаға үстемеақы төлемеу фактілері анықталды.
Басқа жағдайда, 7 мектептерде қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған.
Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Астана қаласының прокуратурасы