Еліміздің төрт аймағында мемлекеттік органдарының жұмысы жетілдірілетін болады

Еліміздің

Еліміздің Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Павлодар деген төрт облысында мемлекеттік органдар бизнес-үрдістерінің реинжинирингіне арналған дайындық жұмыстары басталды. Екі жарым жылға – 2024 ж. сәуірінен 2027 ж. наурызына дейін созылатын реинжинирингін «Десента» ҚҚ «Зубр» ӘКҚ-мен серіктестікте АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржылық қолдаумен іске асырады.

– Отандық мемлекеттік органдардың цифрландыру, азаматтардан түскен өтінімдердің қарастыру қарқындылығы, кері байланыс құралдарының салаларында жеткен жетістіктері арқасында мемлекеттік органдар жұмыс жүргізу дағдыларына түпкі өзгертулерге жолын ашты. Мемлекеттік органдардың көптеген бизнес-үрдістері жетілдіруді әрі реттеуді талап етеді. Іс жүзінде аталған жағдаят соңғылардың жұмыс істеу тиімділігін уақыт жоғалту арқасында бәсеңдетіп, күтілетін нәтежелерге әкелмей, қосалқы жұмыстардың атқарылуына, бюрократизациялауға себепкер болады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында «Тыңдаушы мемлекет» концепциясы әрі «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы іске қосылды, – деді «Десента» ҚҚ директоры Сергей Гуляев.

2024 ж. қыркүйегіне дейін жоба командасы шақырылған сарапшылармен бірлесіп, мемлекеттік органдарда реинжиниринг жүргізуге арналған дайындық шаралармен айналысады. Жоғарыда аталған төрт облысында жоспарлаған бұл жұмыстар іске қосылған бизнес-үрдістердің зерттеу әдістемесін жасау, пікірлер мен ұсыныстар жинау, азаматтармен жұмыс жүргізілу мен олардан түскен өтінімдер өңдеуді қамтиды.

– Әрбір аймақ жұмысының күрт өзгертуіне арналған үш мемлекеттік органнан таңдады. Олардың арасында – ТҮШ, жер пайдалану, тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй қатынастары және әлеуметтік қорғаныс бөлімдері. Құрастырылып жатқан әдістемесіне байланысты серіктестерімізбен жұмыс жүргізу кезінде біз таңдалған мемлекеттік органдардың нормативтік құжаттарды зерделіп, олардың қызметкерлерімен сұхбат ұйымдастырамыз. Азаматтарға қызмет көрсететін бөлімшелерде уақыт өлшеуді өткізіп, жұмыскерлер өз жұмыс күнінің сурет картасын жасайды, т.б., – деп, реинжинирингке дайындық жұмыстарын «Десента» ҚҚ жоба менеджері Ванда Сафина суреттеді.

Әзірлеу жұмыстарының нәтижелері ретінде табылған мәселелердің шешімдері мен бизнес-үрдістердің құрастыру кезінде олардың есептеуіне негізделетін аналитикалық есеп, үлгілер картасы, өзгерту регламенті мен нұсқаулығы, бизнес-үрдістерді табысты жүзеге асыруға арналған нормативтік құқықтық актілерді өзгерту жөніндегі ұсыныстар дайындалады.

– Жоғарыда аталған барша өнімдерді жоба командасы реинжиниринг жүзеге асыруында қолданады, – деді Сергей Гуляев.

Бизнес-үрдістердің реинжинирингі – бұл ұйымның өз жұмысын жоғары деңгейінде атқарылып, шығындардың азайтуына бағытталған қайта талқылау, жұмыс жүргізу әдіске негізделетін өзгерту жолы. Күрделі әрі қымбат қызмет ретінде реинжиниринг өткізілуіне байланысты барша шығындарды «Десента» ҚҚ USAID қолдауымен өтеді.

«Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы туралы толық ақпаратты www.decenta.kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram  парақшасынан таба аласыз.

Бұл жарияланым «Десента» ҚҚ қолдауымен және «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) дайындалды. Жарияланым мазмұнында айтылған пікірлер автордың (-лардың) пікірін білдіреді және USAID пен «Десента» ҚҚ ұстанымын міндетті түрде көрсетпейді.

Елена Гаркава