Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау полковнигі Талғат Мадиұлы Маткулов ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Айтулы марапатты қала әкімі М. Әйтенов Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген салтанатты іс-шарада табыс етті.Лайықты құрмет, лайықты марапат. Өйткені Талғат Мадиұлы- өрттерді сөндіру, адам өмірі мен оның материалдық құндылықтарын түрлі төтенше жағдайлардан құтқару жолына 28 жылдан аса уақыт ғұмырын арнаған батыр жан. Кішіге үлгі боларлықтай аға буын. Бұл салада талай лауазымда қызмет етіп, жастарды тәрбиелеген кәсіби маман. Әлі күнге дейін қандай төтенше жағдай болмасын алдыңғы шепте жүріп, қайсарлық танытуда. Отбасында 5 баланы тәрбиелеп отырған әке, сүйікті жар. Біз Талғат Мәдиұлын бүгінгі марапатымен құттықтаймыз! Бұдан әрі де еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек етіп, дамуына үлес қоса беруіңізге тілектеспіз!
Қ. Арсланов Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі