Әл-Фараби ауданында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен іс-шара жүргізу барысында аудан көлемінде орналасқан көп қабатты үйлерде, гараждарда және беті бояуға ыңғайлы тағы басқа да жерлерде «СОЛЬ-МЕФ», СК-МЕФ, РАБОТА-СТОР» және тағы басқа түрдегі есірткі заттарын жарнамалау фактілері анықталып, жойылды.
Анықталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 299-1 бабымен, яғни есірткіні, психотроптық заттарды, прекурсорларды жарнамалау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған бапта ең ауыр жаза ретінде алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Осыған байланысты, құрметті қала тұрғындары, әсіресе жас буын, аталған жарнамаларға қызығушылық білдіріп, қылмыскерлердің арбауына түсіп, оңай ақша табамын деп, болашақ өмірлеріңізге балта шаппауларыңызды сұранамыз және ескертеміз.
Керісінше, мүмкіншілік болса аталған жарнамаларды өз күштеріңізбен жойып, болмаған жағдайда немесе жарнаманы жазып жатқан азаматтарды байқасаңыздар дереу «102» нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
Шымкент қаласының прокуратурасы