2023 жылғы сәуірдің 24-і мен 29-ы аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аумақтық бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде Шымкент қаласы 5 қалалық емхана аумағында «Вакцинация туралы айтыныздар!», «әр дозаны маңызы бар!», «Кең ауқымды иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған іс шараны 2006 жылдан бастап жүргізіп келуде, шараның негізгі міндеті — тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару болып табылады. Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соңында тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі.
Еуропалық иммундау апталығы негізгі міндеті – әр бір азаматқа арнайы профилактика жолдарымен алдын алуға болатын аурулардан қорғануы тиіс және оған құқығы бар екенін түсіндіру.
Бүгінгі таңда аурулардың алдын алу жолындағы денсаулық сақтау саласының негізгі бағыты – вакцинация. Иммундау арқылы ауралардан қорғану көптеген жылдар бойы белгілі.
Соңғы онжылдықта денсаулық сақтау саласында аурушылдықтың төмендеуіне қарамастан, екпемен басқарылатын инфекциялардан қорғанудың сенімді жолы вакцинация болып қалуда. Вакцинация бүгінгі таңда әр бір азаматқа қол жетімді, ең тиімді медициналық қызмет болып табылады.
Балалар мен ересектер арасындағы вакцинациялаудың тиімді бағдарламаларының нәтижесінде облыста көптеген екпемен басқарылатын инфекциялар айтарлықтай азайды: полиомилит мүлдем жойылды; 2003 жылдан бері дифтерия сырқаттанушылығы тіркелген жоқ, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит, көкжөтел, сіреспенің тек бірыңғай жағдайлары тіркелуде; «А» және «В» вирусты гепатитінің аурушылдығы 60-100 есеге дейің төмендеді.
Қазақстан Республикасында вакцина пайдалану алдында арнайы зертханалық зерттеулер арқылы мемлекеттік тіркеуден өтеді, вакцинаның әр бір партиясына зертханалық бақылау орнатылып, тасымалдау мен пайдалану кезінде аумақтық қоймаларда және екпе пунктарда суық тізбек ережесінің сақталуына, екпеден кейінгі қолайсыз жағдайларға мониторинг жүргізу жүйесіне бақылау жүргізіледі.
Әр бір ата ана өз баласының денсаулығына алаңдайды, бұл бағытта иммундаумен алдын алуға оң көзқарас — салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кілті болуы тиіс. Тек қана ата ананың вакцинацияға деген сенімділігі мен медициналық қызметкерлермен өзара жұмысы иммундаудың маңызыдылығына көз жеткізуге көмегін тигізеді. Эпидемиологиялық маңызды инфекциялардың вакцинациясына кететін қаражат, сол инфекциядан емдеуге қажет қаражаттан 10-1000 есеге дейін аз. Еуропалық иммундау апталығы барысында басқа республикалар мен аумақтардан көшіп келген, тұрақты тіркеуге тұрмаған, мекен-жайын жиі ауыстыратын тұрғындарға, діни қоғамдарға аса назар аударылады.
Бір апталық иммундау кезеңінде шалғай елді мекендерде вакцинациялау үшін қосымша 18 жылжымалы егу бригадалары ұйымдастырылады.
Облыс тұрғындары арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі аясында түсіндіру жұмыстары, иммундауға оң көз қарас қалыптастыру бағытында, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алдын ала екпелермен қамту деңгейін жоғарлату жұмыстары барлық медицина мекемелерде ұйымдастырылады.
Барлық медициналық мекемелерде арнайы мамандардың қатысуымен ашық есік күндері ұйымдастырылып, өткізіледі.
Осы аптада, барлық медицина мекемелерінде челлендж ұйымдастырып өткізіледі, медицина мамандар өздері бастап тиісті жоспарлы екпелерің алып халықты екпе алуға шақырады.
Вакцинация туралы сұрақтарға жауапты тұрғындар қауырт желілері бойынша байланыс алалады: 7701.
Баланызды қазір егу арқылы, Сіз баланы инфекциядан қорғай ғана қоймай, инфекциядан кейін болатын ауыр асқунулардан да қорғайсыз. Өз балаңызға қазіргі көмек беріңіз! Балаңыздың өмірін қауіпсіз қылып, өзіңізге дені сау немере сүюге қадам жасаңыз!