«Байқоңыр» ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзу деректерін анықтады.
Ұжымдық шарттың талаптары бойынша біліктілігі жоқ жұмысшыларға ең төменгі жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақылар көзделген.
Алайда, білім беру ұйымдарымен тиісті қосымша ақы төленбеген.
Қадағалау актісі бойынша 150 қызметкерге 10 млн.теңгеден астам сома төленді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласының прокуратурасы