Қарабаев Жарқын Құрманбекұлы еңбек жолын 1978 жылы 20 шілде айынан бастап Павлодар мұнай өндіру зауытының технологиялық құрылымының операторы болып бастаған. Ленинград қаласында 1979 жылдан бастап Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарып, 1981 жылдан бастап Шымкент қаласының Абай аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының қөлік жүргізушісі, 1983 жылан бастап №4 дүкеннің меңгерушісі, 1988 жылдан бастап «Казахиталкаракуль» БК экспедиторы, 2000 жылдан Шымкен қаласы ОҚО бойынша салық комитетінің тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, 2006 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша салық комитеті тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің бас маманы, 2009 жылдан бастап Абай ауданы бойынша салық басқармасы тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің жетекші маманы, 2010 жылдан Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы бейөндірістік төлемдерді әкімшіліктендіру бөлімінің жетекші маманы, 2011 жылдан Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің мобильді тобының бастығы, 2013 жылдан Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы бейөндірістік төлемдерді әкімшіліктендіру бөлімінің бас маманы, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарып келеді.
Ж.Қарабаев қызмет барысында өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін жұмылдыра отырып, жүктелген қызметтік міндеттерін белсенді және тиянақты атқарып орындайды және салықтарды өндіру бойынша болжамды жоспардың сапалы орындалуын және өсу қарқынын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы құрамындағы Енбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер баскармасы бойынша Касіподак комитетінің Қарабаев Жарқын Құрманбекұлы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен және «Кәсіподақ қайраткері» медалімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Алғыс хатымен» және «Құрмет грамотасымен», Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің «Құрмет грамотасымен», «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Елеулі еңбегі үшін Ардақты Ардагер» орденімен марапатталған.
Жарқын аға, Сізге қажырлы еңбек, табыс пен жетістіктер тілейміз! Әр күні жаңа мүмкіндіктерге толы болып, армандарыңыз бен мақсаттарыңызға жету жолында жемісті еңбек ете беріңіз. Сіздің еңбегіңіз әрдайым бағаланып, қолдауға ие болсын.