Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бекітілген индикаторлардың орындалуына келсек, 2022 жылға, өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға) – 0,31%-дан асырмау болып бекітілген. Бұл көрсеткіштің орындалуы бүгінгі таңда 0,04%-ды құрап отыр.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: Баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының жол картасына енгізілген көрсеткіштер бойынша: Ағымдағы жылға еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтар үлес салмағы, анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санына орындалу көрсеткіші 92,4% бекітілген болса, ағымдағы жылдың осы кезеңіне орындалу деңгейі– 81,0% құрады. Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі– 98,3% құрады. «Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі 85%, ал Еңбек министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шарттарын енгізу 3 898 кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шарты енгізілу межеленген, бүгінгі таңда орындалуы 59%. Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау. Басқарма тарапынан, еңбек сақтау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 684 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен — 154 тексеру жүргізіліп, 179 заң бұзушылық анықталды (оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша — 149, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 23, жұмыспен қамту – 7), бұзушылықтардың негізінде — 76 нұсқама беріліп, анықталған бұзушылықтардың 145-і жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді. Аталған бұзушылықтар бойынша 15,5 млн.теңгеге 58 айыппұл салынып, оның ішінде 6,1 млн.теңге сомасына 43 айыппұл өндірілді. Еңбек ұжымдарында 2022 жылдың ішінде орын алған мәселелер (жалақы қарыздары бойынша)Жыл басынан 6 еңбек дауы тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізу барысында қойылған мәселелер шешілді. Қала аумағындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты. Есепті кезеңде, Үш жақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бүгінде, 2 кәсіпорында 94 жұмыскерге 16 млн.теңге жалақы қарыз қордаланған. — «AN-TRAST SECURITY» ЖШС-де 21 қызметкер алдында 7,9 млн.теңге; — «Rio Med» ЖШС-гі 73 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 8,1 млн.теңгені құрайды. «AN-TRAST SECURITY» ЖШС-і, «Rio Med» медициналық орталығы» ЖШС-і уақытша жұмыс істемей тұр. Бірақ, берешекті мәжбүрлі түрде өндіру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес іс құжаттары жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолданып, сот орындаушылар тарапынан аарылып жатқан жұмыстар бақылауда.