Мектеп оқушыларының 95 пайызын жазғы лагермен қамтуды көздеген

жазғы лагермен

Балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігін сақтау басты назарда. Жеткіншектердің бос уақытын тиімді әрі жауапкершілікпен өткізу мақсатында қолға алынған шаралар да ауқымды. Мамандар мектеп оқушыларының 95 пайызын жазғы лагермен қамтуды көздеген. Сол арқылы балаларды түрлі оқыс оқиғадан арашалауға мүмкіндік мол,-деп отыр.

Жаз басталысымен ауыл-аймаққа ата-әженің ауылына баратын балалар азайған. Тиісінше қалада көпқабатты үйде гаджет пен смартфонға үңіліп отырған жастар көп. Оларды бір сәт сергітіп, жазғы лагермен қамту үшін бюджет пен жеке кәсіпкерлерден бөлінген қаржы ауқымды. Сәйкесінше сауықтырылған бала саны да жылдағыдан артқан.

Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 232 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 494-і жергілікті бюджеттен, 9 440-ы демеушілер есебінен және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы лагерьлерде және 213 400 шәкірт мектеп жанындағы алаңдарда демалады. Мектеп алаңдарында 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды. Балалар қала сыртындағы 7 лагерде атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және «Арыс», «Машат — Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде де ауысыммен демалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елдімекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагерінде ұйымдастырылуда. Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерінде демалысын жалғастыруда. Бұл шаралар оқу жылының басталуына дейін ұйымдастырылады.

 Шіліңгір шілденің ыстыға шыдамай, өзен-көл жағалайтын жеткіншектер де жоқ емес. Рұқсат етілмеген орындарда суға түсіп, жазатайым оқиғаға тап болғандар да бар. Осы маусымда 1 суға кету дерегі тіркеліп, 5 бала терезен құлаған.

 Балалар осы маусымда қала сыртындағы 7 лагерде демалады. 20 маусымнан бастап Түркістан облысының демалыс орындарына 200 бала жолданады. Бұл тізімнен балалар үйінің тәрбиеленушілері де шет қалмаған. 114 жеткіншекке жолдама беру көзделіп отыр.



Be the first to comment on "Мектеп оқушыларының 95 пайызын жазғы лагермен қамтуды көздеген"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*