Жалпыхалықтық  сенбілік өтті

Жалпыхалықтық

«Тазалық — саулық кепілі» дейді халық даналығы. Аудан аумағын таза ұстау және оның ажарының ашылуына атсалысу – әрбір тұрғынның басты борышы саналатыны белгілі. Осы мақсатта, аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында, Ақсукенттің орталығында орналасқан «Дендросаябақта» сенбілік шарасы тұрақты түрде жалғасты.

Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығының» жастары, жалпы 440-тан аса адам қатысты. Бірлік болған жерде тірлік өнімді. Жастардың бірлігімен  сенбілік барысында «Дендросаябақтың» сәнін бұзатын сарғайған шөптер мен қураған ағаш бұтақтарын қырықты. Сондай-ақ, тұрғындардың жүруіне кедергі келтірмес үшін жолдар мен жиектерін артық шөптерден арылтты. Жан-жақтағы бейберекет тасталған күл-қоқыстарды жинады.

Шын мәнінде аудан тазалығына, оның келбетінің көркеюіне атсалысу – туған жерге деген сүйіспеншілік болып саналады. Қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық тазалығын сақтау бағытында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында 4 техниканың көмегімен 6,3 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.

Ауданымыздың әрбір тұрғынын алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамыз!