Жамбылда ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 4 күнде 255 азамат жауапқа тартылды

Қоғамдық орындарда қоқыс тастау, түкіру, жол қозғалысы ережелерін бұзу сияқты ұсақ құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазасыздықтың соңы бассыздыққа апарады. Кейде сол ұсақ-түйектен бас­талған құқық бұзушылық уақыт өте асқынып, арты ауыр қылмысқа әкеп жататыны да жасырын емес.

Осыған байланысты «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер тіпті ұсақ құқық бұзушылықтар жасаған жамбылдықтарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартуда.

Мысалы, 2023 жылғы 24 қарашада мөлтек аудандағы сауда орталығының жанында Жамбыл ауданының 61 жастағы тұрғыны темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған. Сол күні басқа сауда орталығының жанындағы такси тұрағында 54 жастағы Тараз тұрғыны анықталды, ол әріптестерімен бірге жолаушыларды күтіп тұрып, адамдар жүретін жерге түкірген.

Бұл бұзушылықтар Тараз қ.ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Ер адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бапта бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 17 250 теңге айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда – 10 АЕК (34 500 теңге). Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен Жамбыл облысының 2848 тұрғынына айыппұл салынды.

Заңсыздық пен тәртіпсіздік сезімі неғұрлым ауыр құқық бұзушылықтар жасауға негіз болады. Осыған байланысты Жамбыл облысының Полиция департаменті кез келген құқық бұзушылық туралы «102» арнасына қоңырау шалу немесе әлеуметтік желілердегі ПД ресми парақшаларына жазу арқылы хабарлауға болатынын еске салады.