2021 жылғы 7 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің электрондық поштасына «маңызды»деген белгісі бар ақпарат келді. Хабарламада Жамбыл облысының Меркі ауылында жолайырықтың жанындағы А-2 автомагистралінде қозғалыс бағыттары көрсетілген ақпараттық арка алдында ірі габаритті жүк көлігі тоқтап тұрғаны жөнінде айтылған.
Автомобиль көлік жолында тұрып, тікелей қозғалып немесе бұрыла алмаған, ал қарама-қарсы бағытта кері бағытта жүруге тыйым салынады. Осыған байланысты патрульдік полицияның жедел көмегі қажет болды.
Аталған хабарлама сол сәтте Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының командиріне жеткізіліп, ол жақын маңды патрульдеуді жүзеге асырып жүрген экипажды көмекке жіберген. Тәуліктің күндізгі мезгілінде жүк көлігіне ілесіп жүру маңызды болды, өйткені аталған көлік құралын жолдың жүру бөлігінде түнде қалдыру өте қауіпті, себебі жол-көлік оқиғасы орын алу мүмкіндігі басым.
Оқиға орнына кідіртпей жеткен патрульдік полицейлердің көліктерінің ілесіп сүйемелдеуімен бортында 36 тонналық катері (теңіз кемесі) бар «MAN TGA 480» маркалы ірі көлемді көлік құралы кері бұрылу үшін кері бағытта артқа 5 километр жүріспен өтті. Арнайы жол операциясы сәтті өтіп, ауыр жүк көлігі Алматы облысы бағытына жолын жалғастырды.
Жүргізуші жамбылдық полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, олардың қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.
ЖО ПД баспасөз қызметі