Жамбыл облысындағы оқиғаға Шымкент қаласының ТЖД күштері жіберілді

26.08.21 Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы Жаңатұрмыс ауылдық округінен 10 шақырым жерде ҚР ҚМ №28349 әскери бөлімінің аумағында сағат 17-50 оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты. 26.08.21 ж.сағат 23-00-де ТЖ орнына өзара іс-қимыл нұсқаулығына сәйкес Шымкент қ. ТЖД күштері мен құралдары жіберілді: 8 бірлік техника, 33 адам және 1 бірлік пилотсыз ұшу аппараты (дрон).ТЖД күштері мен құралдары – 1 бірлік ПҰА (пилотсыз ұшу аппараты) «DJI Matrice 200» макс, ұшу уақыты 30 мин. және 1 қызметкер; Шымкент қ. «ӨСжАҚЖҚ» ММ – 7 бірлік техника (оның ішінде 1 бірлік техника қызметтік машина, 5 бірлік техника АЦ және 1 бірлік техника КАМАЗ-43114 НЕФАЗ) және 29 адам; Апаттар медицинасы орталығының филиалы – 1 бірлік техника және 3 адам.Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына 27.08.21 ж.сағат 04.05-те келді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Байзақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы мектептің жанында. Штаб жарылыс орнынан 10 км қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта штабтың нұсқаулары күтілуде.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы



Be the first to comment on "Жамбыл облысындағы оқиғаға Шымкент қаласының ТЖД күштері жіберілді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*