Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі мекемелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарын цифрландырудың нәтижелері, елдімекендерді бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету және оларды Полиция департаментінің бейнебақылау жүйелерімен біріктіру туралы айтты.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне және Жедел басқару орталығына 8 мың 610 бейнекамера қосылған. Тараз қаласының бейнебақылау жүйесін кеңейту аясында ағымдағы жылы «BriefCam» қоғамдық қауіпсіздікті талдау функциясы бар 300 бейнебақылау камерасы орнатылды.
«BriefCam» көмегімен әртүрлі сипаттағы бұзушылықтарды (оның ішінде қос жолақтардың қиылысы) анықтау үшін қажетті траекторияны анықтауға болады. Сондай-ақ, адамдардың киімінің түсі, пішіні, бас киімінің болуы, велосипедтерде немесе басқа көліктерде болуын анықтауға, жол бойына талдау жасауға және іздеу жүргізуге болады.
«Freedom Telekom» ЖШС инвестициялық жобасы аясында Тараз қ. ПБ ЖБО-ға шығара отырып, қаланың 6 саябағына WiFi нүктелерімен 60 бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
«Қауіпсіз қала» жобасы бойынша қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасы, 48 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс жасайды.
«Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша 180 көппәтерлі тұрғын үйдің 1140 подъездінде 2280 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Патрульдік жасақтардың қызмет өткеруіне бақылауды күшейту мақсатында шет елдердің оң тәжірибесі негізінде ішкі істер министрлігі смартфондар базасында бейнетіркегіштерді қолдану бойынша «Сандық полицей» жобасы іске асырылуда.
Жоба шеңберінде барлық деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық) ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығара отырып, бейнені нақты уақыт режимінде жазуға және трансляциялауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті «Сандық полицей» жобасына сәйкес қызметкерлерді жаңа 968 бірлік смартфон базасындағы бейнетіркегіштермен қамтамасыз етті.
Бұдан басқа, бейнедеректерге (редакциялау, көшіру, жою) және жүйелік параметрлерге (GPS-модульді, мобильді желіні және т.б. өшіру) қол жеткізуді шектеуді көздейтін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды.
Жобаның нәтижелері бойынша қызметтік тәртіпті нығайту және қызметкерлердің дербес жауапкершілігін арттыру бөлігінде оң нәтиже бар.
Апаттылықты тұрақтандыру және жылдамдық режимін сақтау мақсатында қала мен облыстың автожолдарында «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің 50 бекеті орнатылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының республикалық және облыстық тас жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні 20 автоматтандырылған «АвтоСканнар МС» және 10 «Аркан» мобильді кешендері жұмыс істейді. Онда тіркелген барлық құқық бұзушылықтар автоматты режимде полицияның деректерді өңдеу орталығына және ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне жіберіледі.
«АвтоСканнар МС» және «Аркан» мобильді кешендерінің көмегімен 2023 жылдың 11 айында 147 мың 558 ұйғарым тіркелсе, «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенімен 169 мың 87 құқық бұзушылық анықталды. Бұл өз кезегінде түрлі ауыр салдарлы жағдайлардың және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосады.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі