Ағымдағы жылдың 13 қазанында Жамбыл облысының Полиция департаментінде кеңес өтті, оның барысында осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Кеңесте Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарлары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Олар өңірдегі криминогендік жағдай туралы баяндады. Қабылданған шаралар қылмыстың 6,9% — ға төмендеуіне ықпал еткен. Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, біреудің мүлкін, малын ұрлау деректерінің саны азайған.
Қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстар саны 15,7% — ға, жасөспірімдер қылмысы 27,8% — ға азайған. Сондай-ақ қылмыстың барлық санаттары бойынша ашылу деңгейі жақсарған.
Есептік кезеңде 549 есірткі қылмысы анықталды. 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. 9 айда 879 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Кеңес соңында облыстық ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды және бірқатар нақты тапсырмалар берді.
ЖО ПД баспасөз қызметі