Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің кезекті қабылдауына 18 адам жазылды.
Азаматтар жүгінген негізгі мәселелер — ұрлық, алаяқтық, жол-көлік оқиғасы деректері бойынша қылмыстық істерді тергеу. Осыған қатысты мәселелерді тиімді шешу үшін қабылдауға жүгінулер құзыретіне кіретін қызметтердің басшылары қатысты. Әрбір жүгінген адамға толыққанды жауаптар берілді.
Мәселен, облыс орталығының тұрғыны Аққазиев көшесінің бойындағы мешіт аумағында жасанды кедергілер мен жылдамдықты шектеу белгілерін орнатуды сұрады. Арманбек Хакімбекұлы аумақты зерттеп, тексеру жүргізуді және жергілікті атқарушы органға тиісті ұйғарымдар беруді тапсырды.
Барлық арыз, шағымдарды тыңдаған Полиция департаментінің бастығы осы мәселелерді ерекше бақылауға алып, бірқатар нақты деректер бойынша әрбір өтінішті егжей-тегжейлі зерделеу үшін тиісті тапсырмалар берді.
Арманбек Баймурзиннің айтуынша, азаматтармен жеке кездесу — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын жүзеге асыру барысындағы ең тиімді құрал. Өйткені, әрбір жүгінген азамат өзін толғандырған мәселе бойынша шағымданады. Осыған уақтылы ден қою азаматтармен сенімді қарым-қатынас тетіктерін қалыптастырады және сервистік полицияның берік негізін қалайды.
Облыстың әрбір тұрғыны қабылдауға жазыла алады және өзінің жеке мәселесі туралы тікелей полицияның бірінші басшысына жүгіне алады. Азаматтардың қабылдауға алдын ала жазылуы 8 (7262) 57-58-54 телефондары арқылы жүргізіледі.
ЖО ПД баспасөз қызметі