2021 жылдың 23-қыркүйегінде Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, «Колеса.кз» жарнама агенттік арқылы танысқан белгісіз ер азамат «Lexus» маркалы автокөліктің алдыңғы бампері сатылады деп, алаяқтық жолмен «Каспий голд» арқылы 120 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен. Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі