Жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде жиын өткізілді.

         Іс-шараны «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының мүшелері Ахтаев Мұхтар Бексұлтанұлы («Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директор орынбасары) мен Абуова Гүлбала Елбайқызы (ҚР мәдениет қайраткері, «Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филормония» МКҚК қызметкері) білім саласының ұстаздарымен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу факторлары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Сонымен қатар, «М. Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектеп» директоры Қарабаева Жайна Амантайқызы М. Мәметованың 100 жылдық мерей тойына орай мектеп ұжымы атынан арнайы кітапша шығарылғандығы жөнінде жұмыстарымен де таныстырып өтті.

         Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алуы, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру болып табылады.

         Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып саналады.

Ntime.kz