Жастарды кітапқұмарлыққа баулып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу

кітапқұмарлыққа

Ұлттық дәстүрлерге, ұлттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені соған бағдарлау- көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезеңдерінде жиі кездесетін құбылыс.

Сайрам ауданында «Ардақты Ана» музейінде Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының және «Ақылдым» республикалық балалар журналының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ақылдыммен Ақылдымын» облыстық акция байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты — оқырман балаларды кітаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, көркемдеп жазу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Байқау үш кезеңнен тұрды.Жалпы байқауға 13 үміткер қатысты. Атап айтсақ, аудандық орталық балалар кітапханасы, Ақбұлақ, Таскешу, Қарабұлақ, Қожақорған, Низамабад, Қарамұрт, Қасымбек датқа, Сиқым, Ақсукент-2, Ханқорған ауылдары кітапханаларының оқырмандары қатысты.

Сынға түскен қатысушыларға Республикалық «Ақылдым» журналы және «Қызмет» газетінің директоры, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының «Балалар бөлімінің» меңгерушісі Дана Таженова, №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ораз Кошниязова қазылық етті.

Шараның алғы сөзі Сайрам аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаевқа, республикалық «Ақылдым» журналы және «Қызмет» газетінің директоры, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетоваға берілді.

Бүгінгі жас буынды кітапқұмарлыққа, білімге баулитын байқау барысында Сайрам аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің әншісі Шолпан Әбілдаева ән шырқады.

Үміткерлер «Адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында жазған эсселерін баяндады. Бүдан бөлек, «Мен таңдаған тақырып» атты қабырға газеттерін қорғап, «Таным, талғам, тапқырлық» тақырыбында ғылыми тәжірибелер мен сүйікті шығармаларын сахналады.

Байқау қорытындысы бойынша Сайрам Аудандық Балалар Кітапханасының оқырманы Айсезім Байдыбек бас жүлде иемденіп, облыстық байқауға жолдама алды. І орынды — Ханқорған ауыл кітапханасының оқырманы Байжан Сақтаған, ІІ орынды — аудандық орталық балалар кітапханасының оқырманы Марат Бақберген, ІІІ орынды- Таскешу ауыл кітапханасының оқырманы Алтынай Тұрғанбек қанжығасына байлады. Ынтыландыру Алғыс хатымен Сиқым ауылдық кітапханасының оқырманы Диас Масатбек, Низамабад ауылдық кітапханасының оқырманы Чарос Авдувалиева марапатталды. Жүлделі орындарға қол жеткізген марапат иелеріне иелеріне арнайы диплом мен сыйлықтар табысталды.