Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру

Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оның күнделікті жетілдіріліп отырғаны байқалады. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бектілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөльдік» төзімділік таныту арқылы қоғамда осы бағыттағы насихат, түсіндірулер жүргізу негізінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде жиын өтті.

Іс-шараны «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының аппарат басшысы Джуанышбаев Алмас Кайратулы

білім саласының студент жастарымен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу факторлары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жиынға, оқу ордамыздың тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Бердіқұл Қадырқұлұлы Садықов қатысып, бүгінгі күндегі университетіміздің жеткен жетістіктері туралы жұмыстарымен таныстырып өтті.

Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу, белсенді азаматтық ұстанымды, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру болып табылады.

Студент жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Ntime.kz