Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау маңызды мәселелердің бірі. Оқу жылы барысында ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіледі. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікір талас өткізіледі. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Құқықтық сауаттылықтылық пен мәдениетті арттыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор.
Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында «Құқықтық сағат» , «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жалпы заң төңірегінде түрлі бейнебайланыста жиындар өткізіп келеді.
Құқық қорғау органдарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеушілік. 07. 10. 2022 ж. күні мектеп инспекторы, полиция капитаны Байбатыр Нұрислам және ДТІЖО Қ. Г. Кенжебекқызы мен А. Б. Қалдыбайқызының қатысуымен оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік толық қамтылған тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу!» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың көбею себептері және оның алдын-алу мақсатында ата-аналардың құқықтық тәрбиесін аттыру, мектеп қабырғасындағы «буллинг», әлімжеттілік оқиғалары, кәмелет жасына толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде 22:00-ден бастап жүруге тыйым салынатыны, балалар көшеде көптеп жүруіне байланысты рейд жұмыстарының жүріп жатқаны күн тәртібінде қаралды. Жиналысқа 5, 6 — сынып оқушылары қатысты. Жиналыс барысында оқушыларға «Әлімжеттілік әлсіздің — ісі», «Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.