Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күннің басты мәселесі. Онымен күресу барша қоғамның міндеті.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Құқықтану» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы және Құқықтану» мамандығының студенттерінің қатысуымен 2022 жыл 21-қараша күні Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Жемқорлық індет — жою міндет» тақырыбында кездесу сағаты өткізілді. Кездесу сағатының мақсаты сыбайлас жемқорлық туралы студенттерге түсінік беру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғам болып күресу мақсатындағы білімді жетілдіру. Сұхбат барысында «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің» басшысы, тарих ғалымдарының кандидаты Анарбаев Қ.С. сыбайлас жемқорлық туралы құнды мәліметтермен бөлісіп, жастар үшін пайдалы кеңестерін берді.
Сонымен қатар 1 желтоқсан — Дүниежүзілік “ЖИТС (СПИД)”-ке қарсы күрес күніне орай Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ мамандарымен бірлесіп, Шымкент қаласының адам көп жиналатын орны — “Арбат”алаңында ЖИТС-тің алдын алу мақсатында қала тұрғындарына және қонақтарына ақпараттандыру жүргізілді. Аталған іс-шараға университеттің “Құқықтану” кафедрасының оқытушысы, з.ғ.магистрі Қожахметова Жансая, Жастар бөлімінің басшысы Әлібек Бексейт және университеттің белсенді студенттері қатысты. Қала тұрғындарына «ЖИТС туралы не білесің?» тақырыбында сауалнамалар қойылып, нәтижесі бойынша тұрғындар сауаттылығы орташа деңгейде екендігі анықталды. Ақпараттандыру барысында қала тұрғындарын ЖИТС-тің жұғу жолдары және одан сақтану ережелерімен таныстыру мақсатында ақпараттар берілді. Іс-шара барысында аталмыш күннің символы болып табылатын қызыл түсті ленталар мен брошюралар таратылып, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына осы күннің маңыздылығы жайлы түсіндірілді.