Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз жиынында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Нұржан Қаракөзев жер сілкінісі кезіндегі әрекеттерге және қауіпсіздік шараларына тоқталды.
Егер сіз катты жер сілкінісі кезінде ғимараттан кету туралы шешім кабылдасаныз, аз уакытты ескере отырып, козгалыс жолын алдын — ала белгілеңіз — ең үлкен тербелістер мен дүмпулерге дейін шамамен 15-20 секунд бар.
Дүмпулер кезінде кутуге болатын ен кауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап алыңыз. Бұл — ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардың бұрыштары, бағаналар.
Жер сілкінісі кезінде ғимараттардағы ең кауіпті орындар сыртқы және ішкі қабырғалардың үлкен терезе саңылаулары, баспалдақ жолдары екенін ескеріңіз.
Құлаған заттар мен бөлшектерден қорғану үшін берік үстел мен кереуеттер астындағы орындар сізге қауіпсіз жер ретінде қызмет ете алады. Балаларды ересектер болмаған жағдайда айтылған орындарға тығылуды үйретіңіз. Үйде алдын-ала жаттығу жасаңыз. Шкафтарды, сөрелерді, жиһаздарды еденге алдын ала мықтап бекітіңіз. Жиһазды ұйықтайтын, демалатын жерлерге құлап кетпейтіндей, бөлмеден шығатын есікті жауып қалмайтындай орналастырыңыз. Сөрелерде немесе жиһаздарда тұрған ауыр немесе құнды заттарды мықтап бекітіңіз немесе төменге түсіріңіз. Пәтер және дәліз, баспалдақтардың кіру жолдарын заттармен бөгемеңіз. Үлкен терезе саңылауларында, шыны бағаналарында ұйықтайтын орындарды орналастырмаңыз.
Жер сілкінісіне дейін алдын-ала дайындып қою керек заттар:
— 3-5 күнге жететін консервіленген өнімдер мен ауыз су қоры;
— алғашқы медициналық көмек қобдишасы, таңғыш материалдар, егер қажет жағдайда отбасының созылмалы ауру мүшелеріне қажетті дәрі-дәрмектер;
— портативті электр шамы, өрт сөндіргіш (мысалы автомобильдік) (оны алдын-ала қолдануды үйреніңіз);
— әрқашан өзіңізбен бірге ұялы телефон алыңыз.
— құжаттарды оңай қол жетімді жерде, пәтердің кіреберісіне жақын жерде сақтаңыз. Сондай-ақ, рюкзакта пышақ, фонарь, балта, сіріңке, ұзақ мерзімде бұзылмайтын тамақ, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, шамдар, жылы көрпе, бүкіл отбасыға арналған қосалқы киім және аяқ киім алыңыз.