Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Жылы су ауылдық округі, С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан «Төлеген» санаториясының емдік-сауықтыру шараларымен, 30 орындық қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты.
1996 жылы аудандық аурухананың бөлімшесі ретінде жұмыс істеген мекеме 1999 жылы жекешелендіру кезінде «Төлеген санаториясы» ЖШС болып қайта құрылған. Алғашында айына 70 адамды, кейінірек 90 адамды қабылдайтын емдік-сауықтыру мекемесінің бүгінде қосымша ғимараты бой көтеріп жатыр.
Емдік-сауықтыру орталығында келушілер 12 түрлі дертке ем қабылдай алады. Ондағы минералды судың құрамы 14 элементтен тұрады. Жер астында 46°С ыстықта қайнап шыққан су 37 – 38°С-та қолданылады. Орталық 120 орынға арналған, айына 300-ден астам келушіні қабылдауға мүмкіндігі бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі