Балалардың алименттерді уақтылы алудағы құқықтарын қорғау мәселесі прокуратураның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып қала береді.
Қадағалау органы «электрондық әмияндар» — электронды төлем құралдарында 300 млн теңгеден астам кірісін жасырған борышкерлерді анықтады.
Мысалы, 5 млн теңге қарызы бар жосықсыз борышкер екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемеген. Ол әмиянын 6 млн теңгеге толықтырып, өз қажеттіліктері үшін жаратқан.
Басқа жағдайда, 33 жастағы алимент төлемеуші сот үкімімен алимент төлеуден жалтарғаны үшін 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартумен 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Жалпы жыл басынан прокурорлық ден қою шараларымен 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірілді.
Сот актілерін орындамағаны үшін 98 борышкер әкімшілік, 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Астана қаласының прокуратурасы