Мемлекеттік айыптаушы — прокурор сотталушының кінәсін дәлелдеді. Ол жөндеу жұмыстары туралы хабарландырулар жариялап, жәбірленушілерден алаяқтық жолмен ақша алған.
Сотталған өзін ҚР азаматы болғанын жалған көрсете отырып, қысқа мерзімде жөндеу жүргізуге уәде беріп, жұмыс жасалудың көрінісін жасап, алдын ала төлем алып, жасырынып жүрген.
Азаматтарға шамамен 11 млн теңге құрайтын шығын келтірілген.
Сот үкімімен ол 3 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы