Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 884 бұйрығымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енді.
Осы бұйрық 2021 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Өзгерістер Заңды тұлғалары мемлекеттік тіркеуден бас тарту алдында қабылданатын актінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес келтіруге қатысты енгізілген.
Яғни, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қолайсыз акт шығару кезінде тыңдауды өткізу рәсімі көзделген.
Осылайша, Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңда көзделген мерзімдерде оған жазбаша түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы және әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Сонымен қатар, өзгерістерге сәйкес, енді Республикалық нотариаттық палатаны, Республикалық адвокаттар алқасын, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның Төрелік палатасын, республикалық заң консультанттары алқасын мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді енді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Заңгерлер одағы РҚБ-нің Түркістан облысы филиалының мүшесі Түркістан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы М.Халилова