Заңды тұлғаның жер учаскесіне мемлекеттік акт алу мәселесі оң шешімін тапты

акт алу мәселесі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы (Әрі қарай-Филиал) тарапынан жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруден негізсіз бас тарту туралы шағым келіп түсті.

Департамент тарапынан Филиалға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде шағым иесінің жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты беріліп, бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Осыған байланысты, аталған бұзушылықтар алдағы уақытта қайталанбау мақсатында Филиалға қатысты тиісті ұсыныстар берілді.