Заң дегеніміз — мемлекет белгілеген құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Елімізде адам құқықтарының бұзылатын жағдайлар халықтың өз құқықтарын жете білмеуінен орын алып жатады. Халықты құқықтық сауаттандыру,олардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқықтық органдармен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде 1 қарашада бастау алған «ЗАҢ КЕРУЕНІ» республикалық акциясы Шымкент қаласында жалғасуда.
Акцияны өткізудің басты мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 3 қарашасында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектепте тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шарада көшпелі топтың құрамында ТЖ басқармасының маманы Жаңғали Аяпов өрт қауіпсіздік саласында қажетті кеңес беруде.
Жаңғали Аяпов заңнамаға сүйене отырып, өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде.
Сондай ақ Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы №54 жалпы орта мектепте тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шарада Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев басқарған көшпелі топ жұмыс жасауда. Абай ауданы ТЖ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Эльдар Паттахов көшпелі топтың құрамында өрт қауіпсіздік саласында қажетті кеңес беруде. Эльдар Паттахов заңнамаға сүйене отырып, өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде.
Қала прокурорының орынбасары Марат Ержан Маратұлы бастаған көшпелі топ “ЗАҢ КЕРУЕНІ” акциясына қатысуда.
Құрамында Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасының мамандары Әл-Фараби ауданының орталығында және төменгі жағындағы шағын аудандардың тұрғындарын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өрт қауіпсіздік саласында кеңес беруде. Басты назар жылу беру маусымындағы сақтық шараларға аударылуда.