Зорлық зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді

№71 жалпы орта білім беретін мектеп педагог-психологтарының 2022-2023 оқу жылы, қазан айындағы айлық жоспары негізінде «Психологиялық денсаулық» апталығы өткізілуде. «Зорлық зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларымен бірге психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастырылды, әнгіме сұхбат құрылды. Оқушылар бақытты балалаық шағын сурет бетіне салып, көркем түрде жеткізе білді.

         Мақсаты: оқушыларға зорлық зомбылық туралы мәлімет беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушылар сурет салу барысында өздерінің ізгі тілектерін жазды.

         Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол,қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай,зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл барлығымыз үшін үлкен қуаныш, зор мерей. Себебі, балалар – біздің бақытымыз. Сондықтан да биыл елімізде атаулы жылға орай қаншама іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұлардың барлығы да балаларымыздың бақытты балалық шақтары үшін, олардың терең білім алуымен қатар, өнерге, спортқа талпынулары үшін жасалынып жатыр.

Ntime.kz