Түркістан облысының полициясы қытайлық инвесторлармен кездесті

инвесторлармен

Түркістан облысын дамыту мақсатында бірінші кезектегі міндет жергілікті атқарушы орган өңірдің экономикасына шетелдік инвесторларды тарту болып табылады. Ең алдымен, бұл облыста жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Осындай инвесторлардың бірі Түркістан облысының Арыс ауданындағы егіс алқаптарында мақта өнімдерін өсіруді жүзеге асыратын Қытай Халық Республикасының мамандары болып табылады.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы, яғни басшының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев және Арыс ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Қуатов шетелдіктермен кездесті.

Кездесу кезінде олар шетелдіктермен заң мен тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді, яғни Қазақстан Республикасында болу тәртібін түсіндіріп, оларды мазалаған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі