Интернет пен құмар ойындарға тәуелділігі бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған болатын.
Әлеуметтік жоба интернетке тәуелділік, құмар ойындар, балалар мен жастар арасындағы кибербуллинг сияқты үш маңызды мәселенің алдын алуға бағытталған. Сарапшылар тобының құрамына психологтар, заңгерлер және әлеуметтанушылар кірді. Олардың барлығы әлеуметтік жобаның тақырыбын зерттеумен айналысты.
Сондай-ақ, арнайы Telegram-арна іске қосылды.
«Біз осы тақырыпқа бей-жай қарамайтын белсенді балалар қауымдастығын құрдық. Олар арнайы оқытудан өтіп, қазір әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы мониторинг жүргізуде», — дейді «Жас Ұлан» үкіметтік емес ұйымының басшысы Динара Сәдуақасова.
Жобаның тағы бір бағыты – құмар ойындарға деген тәуелділіктің алдын алу. Оған құмар ойындарға деген құмарлық сезім мен компьютерлік ойындарға деген патологиялық тартымдылық тән.
Жоба аясында қоғамдық бірлестік қысқа метражды фильмдер байқауын да өткізді.
Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру кезеңінде еліміздің 17 өңірінің мыңнан астам жас азаматы интернет-тәуелділіктің, кибербуллингтің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша оқытудан өтті.
Қазақстанның барлық өңірлерінде құмар ойындарға деген тәуелділік пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында Telegram-арналар іске қосылып, 74 сайт бұғаттауға ұсынылды.
ҚР АҚДМ Баспасөз орталығы