Интернет желілерін электр бағандары арқылы тартуға заң бойынша рұқсат берілді

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарға интернет желісін электр бағаналары арқылы тартуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, бұл шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетке қосуға мүмкіндік береді.

         Бұған дейін желі оптикалық талшықты жер астына көму тәсілімен жеткізілетін. Мұның шығыны көп. Сондықтан оны тартуға тек ірі компаниялар ғана қатысқан. «Ал жаңа заң шағын байланыс операторларының нарықтағы мүмкіндігін арттырып, бәскелестік күшейеді», – дейді мамандар.          Сондай-ақ енді бұдан былай барлық мемлекеттік органдар қызмет көрсету жүйесін цифрлық форматқа ауыстыруға міндеттеледі.

Назгүл Бажаева ҚР ЦДИАӨМ цифрлық трансформация департаментінің директоры:

         – Мемелкеттік органдар мен өзара іс-қимыл жақсарту мақсатында заңмен «Қазпошта» ұлттық операторының пошта желісі базасында цифрлық нүктелер құрылады. Цифрлық нүктелер «Қазпоштаның» 2 мың ауылдық бөлімшелерінде ашылады. Пилоттық режимде мұндай нүктелер Шығыс Қазақстанда ашылған. Білікті ай-ти кадрлардың тапшылығына байланысты Қазақстан азаматтарына бағдарламалау мектептеріне оқуға гранттар берілетін болады.

Ntime.kz