Ит өз иесін жеп қойды

2021 жылдың 5-мамырында сағат 12:50 шамасында Шымкент қ. ПД Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ауданда орналасқан үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.


Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мұқият тексеру жүргізді. Көз жұмған ер адамның жеке басы анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйінде жалғыз өзі итімен тұрған.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында азаматтың қайтыс болу себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.